jasqazaq.kz

Өскемен іргесінен атауы жоқ ауыл табылды

15 ақпан 2019, 16:30

Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменнің іргесінен атауы жоқ елді мекен табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

100-ден астам отбасы тұрып жатқан бұл ауыл туралы шаһар басшылығы мүлдем бейхабар болып шықты. Электр жарығын жекеменшіктен сатып алып, ауызсуды құдықтан тұтынып отырған ауыл жер инфрақұрылымнан жұрдай. Қала әкімінің есеп беру кездесуінде ғана картаға кірмей қалған ауылдағы проблема көтеріліп, назарға алынды.

«Айдалада ақ отау, ауызы-мұрны жоқ отау» дегеннің кебін киіп отырған ауыл осы.Тұрғындардың айтуынша, бұл жер осыдан 8 жыл бұрын пайда болыпты. Ол кезде жекеменшік жер беріліп, жұрт үй соғып алған. Қазір 100-ден астам түтін бар. Алайда бұл жер туралы қала басшылығы мүлдем білмейтін болып шықты. Тек әкімінің есептік кездесуінде ғана осындағы тұрғындардың бірі ауылдың жағдайын айтып, базынасын жеткізіпті. Осыдан соң ғана басшылық назарын аудара бастаған.

Сара Ламбукова, ауыл тұрғыны:

– Бізге аурухана, мектеп, балабақша мен ыстық суы, суық суы бар үлкен елді мекен болады деп айтылды. Бас жоспарда осының барлығы қарастырылған екен. Алайда қанша жыл өтті, соның бірде бірі жоқ. Тіпті ресми атауымыз да жоқ.

Атауы жоқ ауылдың айтар проблемасы шаш етектен. Тұрғындар электр энергиясының 1 килловатын 17 теңгеден төлеп, жекеменшік трансформаторлардан сатып алуға мәжбүр. Ал ауызсу атымен жоқ. Бір тұрғынның жеке құдығынан бәрі тіршілік нәрін алып отыр.

Қайдар Ақшамбаев, ауыл тұрғыны:

– Көлік қатынасы жоқ. Мысалы ауырып қалсаң, жәдел жәрдем бұл жерге келе алмайды. Жол жоқ, қоғамдық көлік деген кіре алмайды, қар қалың.

Тамара Рахымжанова, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары:

– Адамдар жер учаскелерін алғанда, ешқандай коммуникация жоқ екенін алдын ала білген. Дегенмен тұрғындардың шағымынан соң бізге тапсырма берілді. Электр энергиясы және ауызсумен қамту үшін техникалық сараптама жасайтын боламыз. Шаруаларға қанша қаражат керек екені есептеледі.

Ауылдықтар өздерін «Тьмутараканьдықтар» деп атап алыпты, бұл «алыста», «шалғайда» деген мағынаны береді екен. Енді бұл ауылға ресми атау беріледі деген үміт бар. Елді мекен Меновное кентінің аумағына қарасты болып шықты. Қазір ауыл ішіндегі жолдар қардан аршылыпты. Енді жаз басында қиыршық тас төселеді деп жоспарлануда. Осылайша қордаланған мәселелер кезек-кезегімен, рет-ретімен шешіліп жатыр, тек осы бастама аяқсыз қалмаса екен дейді тұрғындар.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық