jasqazaq.kz

«Өскемен — Алматы» пойызында ұл бала дүниеге келді

25 желтоқсан 2019, 15:55

Жолаушылар пойызында тағы бір нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» компаниясына сілтеме жасап. Кеше №351 «Өскемен — Алматы» бағыты бойынша қатынайтын жолаушылар пойызында нәресте дүние есігін ашты. Виктория Марочкина бойы — 46 см, ал салмағы — 2,7 келі болатын ұл баланы дүниеге әкелді. «Сапар барысында жолаушы толғата бастады. Пойыз басшысы жақын маңда орналасқан Жарма стансасына жедел жәрдем шақыртты. Бірақ Виктория Марочкина стансаға жетпей, жолсеріктер және пойызда келе жатқан дәрігердің көмегімен аман-есен босанды. Балаға Матвей деген есім беріліп, ол анасымен бірге Жармадағы перинаталды орталыққа жеткізілді» делінген хабарламада. Ал нәрестенің әкесі Валера телефон арқылы осы қуанышты жағдайға атсалысқан барша азаматтарға шексіз алғысын айтты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде