jasqazaq.kz

Өскемен әкімі трактормен қар тазалады (видео)

19 ақпан 2018, 11:07

Өскемен қаласының әкімі Қуат Тумабаев демалыс күндері грейдерге отырып, қар тазалауға кіріскен. Ол өзінің Instagram және Facebooк желісіндегі парақшаларында қар тазалап жүрген видеосын жүктеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеода қар тазалау техникасын басқарып отырған әкім екені анық көрініп тұр.

«Демалыс күндері қар тазалап жүрмін», — деп жазды Қуат Тумабаев өзінің желідегі парақшасында.

Ал желі қолданушылары болса, оған жақсы пікірлерін жазып, мақтау сөздерін аямады. Олардың айтуынша, шенеунік осы әрекеті арқылы елге үлгі көрсетуде.

Жағымды пікір жазғандар саны аз емес. Алайда әкімнің мұндай техниканы тізгіндеуге рұқсат беретін қағазы бар-жоғын білгісі келетіндер де болды.

https://www.youtube.com/watch?v=XgaPi9w8W_k

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық