jasqazaq.kz

Өскемен әкімі өз еркімен қызметінен кетті

16 тамыз 2018, 12:58

Қуат Тумабаев өз еркімен Өскемен әкімі қызметінен кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«13 тамызда Өскемен әкімі Тумабаев қызметінен кететіні жайлы арыз жазды. Өскемен қаласы әкімінің қызметінен кетуі ҚР Президентінің 2002 жылдың 29 наурызындағы №828 жарлыққа сәйкес келеді», — деп мәлімдеді ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Ведомство мәліметінше, қала әкімінің орынбасары Булавкина Ольга Александровна ШҚО облыс орталығы әкімінің міндетін уақытша атқарады.

Мұның алдында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен әкімі Қуат Тумабаевқа жұмыстан кетуді ұсынған болатын. «Меніңше, Қуат Тумабаевтың осындай жоғары лауазымда отыруға моральдық құқығы жоқ. Мен оған өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазуды ұсындым», — деген еді Даниал Ахметов.

Еске сала кетейік, Қуат Тумабаев Риддерде адам өлімімен аяқталған жол апатының куәгері болған еді. Жол-көлік оқиғасы 2018 жылдың 15 сәуірінде шамамен сағат 21.00-де болды. Кейінірек Өскемен әкімінің адам қаққан шенеуніктің көлігінде болғаны анықталды. Жол апатынан ер адам қаза тапқан еді.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді