
Ұлыбритания мен америкалық актер Энтони Хопкинс «ең үздік еркек рөлі» номинациясында «Оскар» сыйлығына ие болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Биыл кейбір өзге номинациялар бойынша «Оскар» сыйлығы былай үлесті:
Үздік фильм мен үздік режиссура: «Көшпенділер жері» (Nomadland), Хлоя Чжао
Еркек рөлі: Энтони Хопкинс, «Әке» (The Father)
Әйел рөлі: Фрэнсис Макдорманд, «Көшпенділер жері» (Nomadland),
Үздік анимациялық фильм және фильмнің музыкасы: «Жан» (Soul)
Екінші пландағы еркек рөлі: Даниэль Калуйя, «Иуда мен қара Мессия» (Judas and the Black Messiah)
Екінші пландағы әйел рөлі: Юн Ё Чжон, «Минари» (Minari)
Үздік оригинал сценарий: «Үміт беретін қыз», (Promising Young Woman) Эмералд Феннелл
Үздік визуалдық эффект: «Дәлел» (Tenet).