jasqazaq.kz

ОСК сайлаудың қорытындысын жариялады

12 қантар 2021, 11:17

ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауының қорытындысын шығарып, саяси партияларға сайлаушылардың берген дауыстарын жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдеріне 11 919 241 азамат енгізілді. Берілген бюллетеньдер – 7 539 280. Белгілі болғандай, саяси партияларға берілген дауыс саны 7 241 562-ге жетті.

Соның ішінде Қазақстан Халық партиясына 659 019 (9,10 пайыз), «Nur Otan» партиясы – 5 148 074 (71,09%), «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 383 023 (5,29 пайыз), Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 792 828 (10,95 пайыз), «ADAL» саяси партиясы 258 618 (3,57 пайыз) дауыс жинады.

Еске салсақ, кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстардың алдын ала қорытындысын жария еткен болатын.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия