jasqazaq.kz

Өсімдік майын қай елдерге экспорттап жатыр?

05 қараша 2019, 14:21


ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстан бүгінде өсімдік майын қай елдерге экспорттап жатқанын айтты.
«2016 жылмен салыстырғанда 2018 жылы отандық өсімдік майы экспорты 2,8 есеге, маргарин өнімі 42 пайызға артты. Күнбағыс майы көбіне Қытайға, Тәжікстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға экспортталады. Рапс пен зығыр майын негізінен Қытай, ал соя майын Өзбекстан сатып алады», — деді министр елордадағы «KazOil – 2019» III Халықаралық конференциясында. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде майлы дақылдарға қатысты әлеуетті кеңейтуге екпін қойылып отыр. Осы орайда биыл министрлік пен СҚО әкімдігі «Солтүстік соясы» бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Бұдан бұрын хабарланғандай, екі жылда Қазақстан майлы дақылдарды толықтай өңдеу деңгейіне шығуды жоспарлап отыр. «Дәстүрлі астық егістерін өсірумен қатар, Қазақстан майлы дақылдарды өндіруді арттырып келеді. Өсімдік шаруашылығын әртараптандыруға бағытталған мемлекет саясаты майлы дақылдар егіс алқаптарын арттыруға елеулі әсер етті. Егер 2009 жылы майлы дақылдар егістері 1,2 млн гектар болса, 2019 жылы 2,9 млн гектарға жетті», — деді министр.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда