jasqazaq.kz

«Орысша сөйлесең, тіліңді суырамын»: Әуелбекова ұлын қалай тәрбиелейтінін айтты

04 мамыр 2022, 13:19

Мөлдір Әуелбекова тіл мәселесін қозғады. Әнші ана тілге деген құрмет отбасыдан бастау алатынын алға тартып, өз балаларын қалай тәрбиелейтінін түсіндірді. Әкесінен көрген өнегесі жайлы сөз етті, деп хабарлайды Stan.kz.

«Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! Қадыр Мырза Әлі атамыздың сөзін, ел келешегіне жаны ашитын адам ғана түсінетін шығар. Тіл мәселесінде ар — ол сенің келешек ұрпағың үшін жауапкершілік! Сен дәл осы үлкен жауапкершілікті сезініп, өз Ана тіліңді қорғай аласың ба? Иә! Әрине! Намысың болса қорғайсың! Әрқайсысымыз өзімізден, отбасымыздан бастайық!» — деп бастады сөзін әнші.

Әуелбекова өз отбасында сақталған тәртіп жайлы айтты. Сөзінше, әкесі қазақшадан өзге тілде сөйлеуге рұқсат бермейді екен.

«Біз үйде, өзге тілде мүлдем сөйлемейміз. Себебі, рұқсат жоқ. Әкем бірден тілімізді тияды. Шаңырақта өз тілімізге құрмет болуы заңдылық. Бұл біз үшін қалыпты жағдай. Ол солай болған және бұйырса, солай болады да. Есесіне, балаларымыз да, дәл сондай. Олар естігенін айтады, көргенін істейді», — дейді ол.

Әнші елорда балабақшаларының бірінде болған ыңғайсыз жағдайды баяндады. Қазақ тілінде білім беретін мекемеде, неге екені белгісіз, балалар тек орыс тілінде сөйлеген.

«Қайбір жылы, Астанада «Алпамыс» балабақшасына ұлымды қазақша топқа бердім. Екі аптадан соң ұлым тек орысша сөйлей бастады. Себебін білгім келіп, тәрбиешіге айтпай, күндізгі уақытта бардым, тексеруге. Тәрбиешілер орысша сөйлейді деп ойладым. Барсам, есік ашық бәрі орысша сайрап отыр. Апай қазақша сұрақ қойып отыр, балалар орысша жауап беріп отыр. Сондағысы, 10 баланың 8 і орысша сөйлейді екен, қалған екеуі (біреуі менің ұлым) әлгі сегізіне қосылып отырады екен. Ойланбастан дәл сол мезетте құжаттарын алып, балабақшадан шығарып алдым. Апайымыз: «Біз не істей аламыз? Балалар үйлерінде орысша сөйлейді, бақшада тіл үйреткеніміз зая ғой!» — деп қалды», — дейді әнші.

Сөз соңында әнші әкеден көрген тәрбиесін өз балаларына сіңіретінін жеткізді.

«Бірде дүкенге бардық. Балам орысша жақсы білетіндіктен: «Мама купи мне эту игрушку, пожалуйста. Она мне очень нравится!» — деді. Бірден, өз әдетіме салып, қаталдық танытып: «Сөйлеме орысша! Немене қазақ тілін үйретпеген бе, едім?!» — деп ұрыса қалдым! Әнші болғасын дауысым жарқын шықты. Жан-жағымдағылар қарап, естіп, пікір білдіріп жатты. «Зачем так, из за языка ругать ребенка» — дегендей. Осыны айтып тұрған өзімізідің қаракөз келіншектер. Ананы естіп (мен де қоймаймын ғой): «Енді менің жанымда орысша сөйлесең, тіліңді суырам!» — дедім. Біртүрлі қарап, бірдемелер мыңғырлап жан-жаққа кетті олар. Өзім болсам, тілімді мақтан тұтып, риза болдым сол жерде! Тілімізді құрметтейік», — деп бөлісті Әуелбекова.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр