jasqazaq.kz

Орысша сөйлеген әкімнің орынбасары сөз естіді

24 қыркүйек 2018, 15:11


Үкімет сағатында орыс тілінде сөйлеген Алматы облысы мен СҚО әкімдерінің орынбасарлары мәжілісмен Бақытбек Смағұлдан сөз естіді.
Sputnik жазғандай, бүгін Мәжілісте «Қазақстанның туристік саласын дамыту туралы» үкімет сағаты өтті. Оған Астана мен Алматы, Солтүстік Қазақстан мен Алматы облыстары әкімдерінің орынбасарлары да қатысқан еді. Үкімет сағатының соңында мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева өңірлерден келген қонақтарға сөз беріп, ұсыныстарын тыңдады.
Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтан басқасының бәрі орыс тілінде сөйледі. Облыс әкімдері орынбасарларының қазақша сөйлемегені намысына тисе керек, депутат Бақытбек Смағұл екінші рет сөз алып, шенеуніктерді әбден ұялтты.
«Біріншіден, екі облыс әкімі орынбасарының (Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов, СҚО әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек — Sputnik) мемлекеттік тілде сөйлемегені — ұят дүние. Олар әлде мемлекеттік тілді білмей, менсінбегені ме, әлде Елбасының мақсат-мұратын құлағына ілмегені ме, түсінбей отырмын. Ұят нәрсе! Басшыларыңыз қандай аптал азаматтар! Ал сіздер парламентке келіп отырсыздар, бір ауыз амандасу да жоқ. Ұят емес пе, адамның намысы қайда?!», — деп ашуланды депутат.
Тағы оқыңыз: Министр қапаланған депутатқа ән шырқап берді. Осы кезде мәжіліс спикері Гүлмира Исимбаева үштілділік саясатын алға тартып, қонақтардың әрекетін ақтауға тырысты. Қазір әрқайсымыздың екі тілде, тіпті үш тілде сөйлеуге құқығымыз бар. Қанша тіл білеміз, сонша тілде. Енді келген азаматтардың барлығы қазақ тілін білмейді деп айта алмаймыз, бәрі біледі. Тек өз ойларын жеткізу үшін біздің аудармаға кішкене сеніңкіремей, орыс тілінде сөйлегені ғой», — деп депутаттың ашуын басуға тырысты.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді