jasqazaq.kz

Орынбасары пара алды. Бастығы қызметінен босады

10 сәуiр 2020, 20:25

СҚО-да әкімдіктің басқарма жетекшісі қоластындағы қызметкері пара алғаны үшін қызметінен кетті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жетекшісі Ернар Баянғазин айтты.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Ернар Баянғазин облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Балахонцевтің өз еркімен жұмыстан кеткенін хабарлады.

Ақпан айында оның орынбасары 200 мың теңге пара алғаны үшін сотталған еді. Е.Баянғазиннің айтуынша, саяси емес, әкімшілік мемлекеттік қызметші тікелей қоластындағы қызметкері сыбайлас жемқорлыққа жол берген жағдайда заң бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

«Петропавл қалалық соты төтенше жағдайлар департаментінің бас маманына үкім шығарды. Департамент тергеу жүргізді. Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Көлбаев және кадрлық саясат бөлімінің бастығы Нұртазин қатаң сөгіс алды», — деді Е.Баянғазин.

Ведомство жетекшісінің айтуынша, мемлекеттік қызметші жұмыстан шығу туралы өтінішті өзін лауазымға бекіткен лауазымды тұлғаның атына жазады. Ал өтінішті қабыл алу-алмау — саяси қызметшіні лауазымға тағайындаған тұлғаның құзыреті.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі