
Түрксіб ауданындағы қоймаларда орын алған өртті сөндіру үшін тік ұшақ жұмылдырылды. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеді.
NUR.KZ. хабарлағандай, Алматыдағы Түрксіб ауданында орналасқан қойма ғимараты өртке оранып, аспанды қара түнек шалған болатын. Бұл жағдай қала тұрғындарын біраз уайымдатып қойды.
Жалын шамамен үш мың шаршы метрге шарпыған. Қазіргі таңда, оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Оған қоса, жалынды сөндіру үшін арнайы тікұшақ жұмылдырылды.
https://www.youtube.com/watch?v=zVy8FpC-KEg
https://www.youtube.com/watch?time_continue=2&v=Ct9qcrRLIhs
https://www.youtube.com/watch?v=szDMITza21g