jasqazaq.kz

Өрттен 5 адам құтқарылды

20 маусым 2019, 10:25

Алматыда Алатау ауданы Зерделі шағын ауданында 9 қабатты үй өртенді.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт туралы хабарлама қалалық ТЖД кезекші пультіне түнгі 00:13-те келген. 6 қабаттағы пәтердің балконынан басталған өрт асүйді де шарпып үлгерген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 10 минутта жеткен. Тексеру барысында 2-9 қабатқа дейінгі баспалдақ алаңын қалың түтін басқаны анықталды. Пәтердегі адамдар шыға алмай отыр екен. 6-8 қабаттағы пәтерлерден 5 адам, оның ішінде 2 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт сөндірушілер балаларды дымқыл орамалмен орап алып түскен. 45 жастағы әйел оттегі қалпағымен аман қалды. Тілсіз жау 00:46 ауыздықталып, 00:58-де сөндірілді. Қызыл жалын 6 шаршы метр аумақты жарамсыз етті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде