jasqazaq.kz

Өртенген үйден төрт адамның мәйіті табылды

11 ақпан 2021, 16:31

Солтүстік Қазақстан облысы Булаев қаласында тұрғын үй өртеніп, 3 ересек адам мен 4 жасар бала мерт болды.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 7.00 шамасында 112 қызметіне М.Жұмабаев ауданы Булаев қаласындағы Степная, 31 мекенжайы бойынша тұрғын үйдің жанып жатқандығы жөнінде хабар түседі. Көршілерінің айтуынша, баспанада бір отбасы тұрған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде үйдің шатыры жалынға оранып үлгеріпті. Көп ұзамай баспанадағы газ баллоны жарылып, үйдің төбесі опырылып түсті. Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер үйден 4 адамның денесін алып шықты, олар: 1993 жылы туған үй иесі ер адам, оның 1992 жылы туған әйелі, олардың 2017 жылы туған ұлы және әйел адам. Бүгінде ол әйелдің кім екендігі анықталып жатыр.

«Өрт толықтай сағат 14.00 шамасында сөндірілді. Үй тұтас жанып кетті. Қазір келген шығын мөлшері және өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Қаза тапқандардың туыстарымен психологтар жұмыс істеуде», — деді СҚО төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бастығы Дмитрий Растихин.

Жалпы жыл басынан СҚО-да 96 өрт болып, 15 адам қаза тапты, 9 адам жарақат алды. Келген материалдық шығын 27 млн теңгеден артық. Дмитрий Растихиннің айтуынша, өрттердің 78 %-ы жеке секторға тиесілі. Қаза тапқандардың барлығы осы жер үйлердің тұрғындары.

ҚазАқапарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде