jasqazaq.kz

Өртенген автобустан 51 адам құтқарылды

02 сәуiр 2018, 16:38

Қарағанды облысында екі полицей жолда кетіп бара жатқан автобустың өртеніп жатқанын байқап қалып, ондағы жолаушыларды құтқарып қалды, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 28 наурызда болған. Полиция старшинасы Нұрмағамбетов пен жол-патрульдік полициясы батальон қызметінің инспекторы полиция лейтенанты Егенов Алматы – Екатеринбург трассасында қызметте жүрген. Олар кешке қарсы келген Neoplan автобусының артқы бөлігі өртеніп жатқанын байқап қалған.
«Біз ойланбастан кері бұрылып, автобустың соңына түстік. Автобусты тоқтатып, салоннан дереу 51 жолаушыны шығарып, содан кейін өртті сөндіруді бастадық», — дейді Егенов.
Жолаушылар полицейлермен бірге дереу автобустың жүк салатын бөлігін босатып, өртті сөндіруге көмектесті.
Полицейлердің қырағылығының арқасында адамдар аман қалып, автобус шығынға ұшыраған жоқ.
Содан кейін полицейлер басқа автобусты тоқтатып, құтқарылған жолаушыларды отырғызып жіберген.

sputniknews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық