Орталық стадионды Сейілда Байшақовтың атымен атау керек!!!

01 тамыз 2023, 12:45

Қазақ футболының аңызы, әйгілі футболшы Сейілда Икрамұлы Байшақов жалған дүниеден көшіп, Алматыда аңыз адамды ақтық сапарға аттандыру рәсімінде көптеген естеліктер айтылды. 1950 жылы 28 тамызда Жамбыл қаласында өмірге келіп, саналы ғұмырын ел спортын өркендету жолына арнаған тұлғаны есімі ешқашан өшпейді. 17 жасында жамбылдық футбол клубына қабылданып, кейін талантымен дараланған футболшы әйгілі «Қайрат» футбол клубына шақыртылады. Он жыл алматылық клубтың сапында доп тепкен Сейілда Байшақов КСРО чемпионаттарында 300- ге жуық матчқа қатысып, 11 гол соқты. Жеті жылдай «Қайраттың» капитаны атанды. Кеңес одағы чемпионатының жоғарғы тобында 225 ойынға қатысып, жеті гол соққан. «Қайраттың» үздік ойыншысы атағын да иеленді. КСРО құрамасына қабылданған Сейілда Байшақов екі рет ресми матчқа қатысып, басынан аяғына дейін ойнап шықты. 1978 жылы өткен әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде қазақтың да баласы КСРО құрамасы сапында доп тепті. КСРО спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сейілда Байшақов спорттық мансабын аяқтаған соң Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті болды. Ел спортын өркендету жолында елеулі еңбек сіңірді. Қазақ футболын өркендетуге әлі де үлесін қосар еді, амал қанша, жетпіс үш жасқа таяған шағында дүниеден озды. Таяуда Сейілдә Байшақовтың есімін Алматының Орталық стадионына беру керек деген мәселені жазушы, журналист Несіп Жүнісбайұлы көтеріп, редакциямызға ұсынысын жолдады.

«Аңыз футболшы, қазақ спортының, оның ішінде футболдың қарағайдай қара нары атанған Сейілда Байшақовты мәңгілік мекеніне қондырғанымызға да біршама уақыт өтіпті. Диірменнің тасындай зыр айналған шіркін уақытқа тоқтам жоқ. КСРО құрама командасына алынған тұңғыш қазақ футболшысы Қазақ футбол өнерін әлемдік деңгейде насихаттай алған Сейілда енді қайта оралмайды бізге. Бірақ оның өшпес аты қалды. Аяқдоптағы аңыз боп айтылар шеберлігі қалды. Қазақстан футболын өркендету жолында төккен өлшеусіз тері қалды. Ғажап футболшы, кереметтей азамат, талассыз қайраткер, арадан қыл өтпеген досым Сейілдамен қоштасу жиынында мен айтқан сөздің тобықтай түйіні мынаған саяды: Сейілда Байшақов бүкіл спорттық ғұмырын өткізген Алматыдағы орталық стадионға есімін беру керек. Мен бұл қысқа болса да шын жүректен шыққан ұсынысымды Үкімет басшысына, мәдениет және спорт министріне, Алматы қаласының әкіміне, футбол федерациясының президентіне жолдаймын! КСРО құрама командасында ойнаған тұңғыш қазақ футболшысы бұл құрметке әбден лайық!

Несіп Жүнісбайұлы,
спорт журналисі, жазушы, спорт қайраткері

Jas Qazaq газеті, 28.07.2023

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде