jasqazaq.kz

Орталық қалалық аурухананың бас дәрігері қамауға алынды

19 наурыз 2019, 10:49

Алматыда орталық қалалық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Тұрдалинге жемқорлыққа қатысы бар деген айып тағылып, қамауға алынды. Бұл туралы Tengrinews.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Нұрлан Тұрдалин тергеу кезіне екі айға қамауға алынды. Оған «айтарлықтай мөлшерде пара алды» деген айып тағылды. «Қамауда ұстау мерзімі 2019 жылдың 13 наурызынан бастап есептеледі. Ол ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінді», — деп хабарлады сот өкілдері. Мұндай қылмыс жасаған адам белгілі бір лауазымда отыру немесе қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырыла отырып, алған парасын 50-60 еселеп айыппұл ретінде қайтарады немесе үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады, мүлкі тәркіленеді. Істің мән-жайы әзірге айтылмады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық