jasqazaq.kz

Өрт сөндіру көлігі мен трамвай соқтығысты

21 қыркүйек 2020, 15:39

Өскемен қаласында өрт сөндіру көлігі мен трамвай соқтығысқан. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 21 қыркүйек күні сағат 8.30-да Үлбі өзеніндегі көпірде болды. Көпірден Нұрмағамбетов көшесіне қарай шығаберісте өрт сөндіру көлігі мен трамвай соқтығысқан.

«Трамвай көпірден өтіп келе жатты, ал өрт сөндіру көлігі Протозанов көшесімен жүрген. Анықталғандай, өрт сөндіру көлігі шақыртуға бара жатқан. «Сергек» бейнебақылау камераларындағы жазба зерттелді. Бейнежазбадан өрт сөндіру көлігінің дабыл шамдары қосылып тұрғаны көрінді. Трамвай оған жол бермей қойған», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеуде. Зардап шеккен ешкім жоқ. Жол ережесін бұзған трамвай жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде