jasqazaq.kz

Өрт шыққан пәтерден 4 адамның денесі табылды

10 мамыр 2021, 11:06

Павлодар қаласында көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрттен 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 9 мамыр күні болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кешкі сағат 21:02-де қаладағы Камзин көшесі, 364 үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен. Анықталғандай, 10 қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шығып, жалын 56 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт 21.30 шамасында сөндірілді.

«Өрт болған аумақты тексеру барысында 4 адамның денесі табылды. Пәтерден әйел адамның жанып кеткен денесі, есік алдында газ иісінен уланып жатқан тағы бір ер адам мен нәрестесі бар әйел адам табылды. Оқиға орнында 28 адам, 8 техника мен өрт сынағы зертханасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», — делінген ТЖД хабарламасында.

Қазіргі уақытта адам өлімінің мән-жайы мен қаза болғандардың кім екені анықталып жатыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия