jasqazaq.kz

Өрт салдарынан үш бала көз жұмды

19 қантар 2020, 17:41

Шығыс Қазақстан облысында екі өрт оқиғасы болып, үш бала көз жұмды. Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғау саласындағы апаттар тәуекелін төмендету және бақылау басқармасы мәлімдеді.Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

ТЖ департаментінің мәліметінше Ұлан және Бородулиха аудандарында өрт болғанын хабарлады. Асубұлақ ауылындағы үй толығымен жанып кеткен. Өрттің тұтануына электр жылыту қондырғыларының жылу әсер еткен.

«Үйде 73 жастағы атасы мен кішкентайынан сал ауруына шалдыққан 14 жасар немересі тұрған. Қария әлеуметтік осал топ тізімінде болған. Өрт сөндірушілер оған бірнеше рет барып, өрт қауіпсіздігінің талаптарын көрсетіп, нұсқау берген. Ақыр соңында қосылып тұрған электр жылытқыш, қызған спираль және оларға жақын орналасқан заттар қайғылы жағдайға соқтырған», — деп түсіндірді басқармада.

Өрт сөндірушілерге жалынды өшіруге бірнеше сағат қажет болған. Өрт аумағы 150 шаршы метрді құрады. Тексеру кезінде ұйықтайтын бөлмеде еденнен қарияның, ал төсек жанынан баланың мүрдесі табылған.

Сол күні Бородулиха ауданының Камышенка ауылынан тағы бір қайғылы оқиға туралы хабар келген. Ағалы-інілі екі бала өрттен көз жұмған. Сұрастыру барысында 4 және 5 жастағы балақайлар үйде жалғыз қалған. Отбасылық жанжалдың салдарынан ішімдікке тойып алып, үйден кетіп қалған отағасын әйелі іздеуге шыққан. Ал балаларды сыртынан құлыптап кетіпті. Куәгерлердің айтуынша, балалар ашық қолжетімді жерде тұрған сіріңкемен ойнаған. Өрт аумағы шамалы болды, бар-жоғы — 2 шаршы метр.

Осы факті бойынша материалдар полиция қызметкерлеріне берілді, олар алдағы уақытта осы істі жүргізетін болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде