Орман өрті салдарынан Грекияның әйгілі Эвбея аралынан 2 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі кезде бүкіл Грекия бойынша бірнеше орман өрті өршіп тұр. Оларды сөндіру операцияларына демалыс күндері жүздеген өрт сөндіруші, әскери қызметкерлер, сондай-ақ 17 ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылған.
«Қазіргі кезде бізде өрттің екі ошағы бар, олардың бірі елдің солтүстігінде, тағы бірі – оңтүстікте. Өкініштісі, өрт түнгі уақытта өршіп тұр», — деді Грекияның Азаматтарды қорғау жөніндегі министрінің орынбасары Никос Хардалиос.