jasqazaq.kz

Орман – ел байлығы

25 маусым 2017, 18:45

Жанымызды нұр-шуаққа бөлеп жаз айы да келіп жетті. Таза ауаға шығып, орманда сейілдеп жүрген адамдар табиғатқа жанашырлық танытуы қажет.

Қурап тұрған өлі-қа орманға аса қауіпті. Абайсызда жерге лақтырған жалғыз шырпы үлкен шығынға батыруы мүмкін. Табиғатты аялай білсең, оның ұрпаққа берері мол. Ұқыптап, баптап өсірген балапан ағаштар ертең-ақ жайқалған орманға айналары хақ. «Өрт – тілсіз жау» жолындағысының бәрін жалмайды. Сондықтан, әр адам өзінің іс-әрекетіне бақылау жасап, қарапайым қағидаларды берік ұстануы керек. Барлық адамдарды ұқыптылыққа шақырсақ, өмірде ұтарымыз көп болады. Биылғы жылы өтетін «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесіне көптеген туристер келеді. Олар табиғатымызға қарап тамсанатынына өз басым кәміл сенемін. Орман – ел байлығы. Осы орайда әр жеткіншек көшеттер отырғызып, еліміздің гүлденуіне атсалыссын. Жасыл желекке оранған ормандарымыз жайқала беруі үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамын.

Бүгін, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу