jasqazaq.kz

Ордабасылық әйел жалған құжатпен өзгенің жерін сатып жіберген

14 маусым 2021, 10:44

Ордабасылық әйел жалған құжатпен өзгенің жерін сатып жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Ордабасы АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленушінің айтуынша, өзіне тиесілі жерін белгісіз әйел нотариусқа барып, сатуға жалған сенімхат алған. Содан соң құжат бойынша ол жерді өзінің жолдасына сатқан. Ал күйеуі болса өзге біреуге сатып жіберген. Осылайша жәбірленушіге 400 мың теңге шығын келтірген. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Ордабасы АПБ-ның полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған жергілікті тұрғынды ұстап, ПБ-ға жеткізді. Жалған жасалған іс-құжаттарға сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті әйелдің бас шарасы қолхатта.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия