jasqazaq.kz

«Ордабасы» командасы бесінші орынды місе тұтты

30 қараша 2020, 16:37

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде соңғы турдың үш ойыны өткізілді.

Бүгінгі турда төртінші орын тағдыры шешілді. Оған «Шахтер» және «Ордабасы» командалары таласты. Екеуі де соңғы турға дейін аталған орыннан үміткер болды. «Шахтер» Қостанайдың «Тобылымен» ойында соңғы минуттаррға дейін гол соға алған жоқ. Ал 88-минутта қостанайлық клуб қақпасына белгіленген пенальтиді «Шахтер» ойыншысы Арсен Хубулов мүлт жіберген жоқ. Қарағандылық клуб қарсыласын 1:0 есебімен жеңді. «Ордабасы» командасы соңғы турда Көкшетаудың «Оқжетпесінен» 2:1 есебімен басым түсті. Бұл ойында шымкенттік Сергей Хижниченко 4-минутта есеп ашты. Оған «Оқжетпес» сапынан Тарас Бондаренко 39-минутта бір голмен жауап қайырды. Ал 56-минутта шымкенттік футболшы Зиги Бадибанга қайтадан өз командасын алға шығарды. Ал соңғы минутта «Ордабасы» шабуылшысы Жоао Паоло қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Ордабасы» қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Турнир кестесінде «Шахтер» 32, «Ордабасы» 31 ұпай жинады. Төртінші орын «Шахтерге» бұйырып, олар алдағы жылы еурокубокта бақ сынауға мүмкіндік алды. «Ордабасы» бесінші орынды місе тұтты. Бүгін елордалық «Астана» 45-минутта Иван Маевский соққан голдан кейін Петропавлдың «Қызылжарын» 1:0 есебімен басым түсті.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде