jasqazaq.kz

«Ордабасы» клубының президенті ауысты

12 ақпан 2022, 11:22

Бауыржан Әбдубаитов «Ордабасы» футбол клубының жаңа президенті атанды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін «Ордабасы» ФК директорлар кеңесінің шешімі бойынша Әбдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы Клуб Президенті лауазымын иеленді. Бауыржан Әбдубаитов 1959 жылы 27 қарашада дүниеге келген. Қазақстан Футбол Федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі, Қазақстан Футбол Федерациясының әйелдер футболы комитетінің төрағасы. 2002 жылдан бері «БИІК» компаниясының («БИІК» футбол орталығы және «БИІК-Шымкент» ӘФК) президенті болып саналады», — деп жазылған спорттық клубтың Instagram парақшасында.

Клубтың хабарлауынша, Б. Әбдібаитов «БИІК-Шымкент» әйелдер командасының президенті болғанда еуропалық даңқты жарыс – УЕФА Чемпиондар Лигасының 1/8 финалына үш мәрте шыққан. Айта кетейік, «Ордабасы» — Шымкент қаласында 1998 жылы құрылған қазақстандық кәсіби футбол клубы. Клуб Қазақстан Премьер Лигасында ойнайды және Қазақстан Кубогының және Суперкубогының жеңімпазы. Клубтың негізгі формасы – ақ және сыртқы формасы көк түстерде.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты