jasqazaq.kz

«Ордабасы» клубы футболдан Қазақстан кубогін иеленді

12 қараша 2022, 20:16

Шымкенттің «Ордабасы» клубы футболдан Қазақстан кубогінің иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Финалда Оралдың «Ақжайығы» мен Шымкенттің «Ордабасы» командалары кездесті. Кездесуді оралдық футболшылар өте сенімді бастады. Ойынның 7-минутында Завен Бадоян есеп ашса, Тома Табатадзе 10-минутта есепті үстемелей түсті.

Шымкенттік клуб сапынан Самат Шәмші 26-минутта баспен гол соғып, есеп айырмасын қысқартса, 51-минутта Всеволод Садовский таразы басын теңестірді.

Одан кейін Тома Табатадзе 67, Максим Каленчук 74-минутта қос гол соғып, қайтадан «Ақжайық» басымдықты екі голға жеткізді. Ал, «Ордабасы» сапынан Максим Федин 76, Луиш Гедеш 98-минуттарда мергендік танытып, есеп қайта теңесті.

Кездесудің негізгі кезеңі 4:4 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты.

Ойынның 117-минутында оралдық клуб қақпасына белгіленген пенальтиден Эльхан Астанов мүлт кеткен жоқ.

Осылайша, қарсыласын 5:4 есебімен жеңген «Ордабасы» өзінің тарихында екінші мәрте кубокті төбесіне көтерді. Олар бұдан бұрын 2011 жылы Қазақстан кубогіне ие болса, 2007 жылы финалда Қостанайдың «Тобылына» есе жіберіп қойған еді.

Аталған турнир 1992 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді.

16 маусым, 15:46
Футбол: Азия мен Африканың аты озып тұр
16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
16 маусым, 12:08
Үй аумағында көлік қоюға қатысты ІІМ ресми түсініктеме берді (Видео)
15 маусым, 21:30
Атышулы kizdar.net сайтының артында кімдер тұр? (Видео)
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку