jasqazaq.kz

«Ордабасы» ФК президенті алаяқтың құрбаны болды

23 наурыз 2018, 15:05

«Ордабасы» футбол клубының президенті Бақтияр Байсейітов пен Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан әкімдері команданың бұрынғы ойыншысы Елдар Бақтығалиев жалғыз өзі күдікке ілініп отырған алаяқтық ісі бойынша 11 жәбірленушінің қатарында бар болып шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

25 жастағы экс-футболшының ұсталғаны жайлы 2018 жылдың ақпанында белгілі болған еді, сол кезде оған қатысты қылмыстық іс сотқа түскен. Бақтығалиевке ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған. Тергеу нұсқасы бойынша, ер адам өз құрбандарынан алдап, алты миллион теңге алып қойған. Айыптау актісі бойынша, бұрынғы «ордабасылық» түрлі деңгейдегі шенеуніктерді алдап соққан. Жәбірленушілердің арасында Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан әкімдері мен олардың орынбасарлары бар болып шыққан. Тергеу нұсқасы бойынша, Бақтығалиев ОҚО әкімінің атын жамылып, олардан ірі көлемде ақша алған. Жәбірленушілер артық сұрақ қоймай, өңір басшысының атын естіген соң-ақ ақша аударып отырған. Ең көп қаражат жоғалтқан Бақтияр Байсейітов — ол 1,5 миллион теңгесінен айырылып қалған. Ол қаражатын қайтарса, бұрынғы ойыншыға кешірім беруге дайын екен. Елдар Бақтығалиев жәбірленушілердің бірінің көрсетпесі бойынша ұсталған. Жігіт кінәсін толықтай мойындап, барлық ақшаны қайтаруға уәде беріп отыр. Басты сот отырысы Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық сотында өтіп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде