Орда бұзған Әбілхайыр

02 желтоқсан 2022, 11:47

2019 жылы өткен президенттік сайлау қарсаңында жариялаған бағдарламасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды бағыттардың бірі деп осы президенттік жастар кадрлық резервін құруды атап өткен болатын. Бұл жоба жастардың ел іргесін нығайтуға қосар үлесін молайтып, әлеуметтік баспалдақ болатынына басымдық берген еді. Атауы айтып тұрғандай, президенттік жастар кадрлық резерві тәуелсіздігін алғанына отыз жылдан енді асқан мемлекетіміздің келешегін кемел етуге ұмтылған буынға орасан мүмкіндік тудыратын даңғыл болып отыр. Бірнеше іріктеу мен сұрыптаудан өткен 300 жас кадр әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орын жарияланып, конкурс ұйымдастырылғанда өздерінің кандидатураларын ұсына алады. Тағы бір басы ашық жайт, іріктеуден өткен кадрлардың барлығы, яғни резервке алынған 300 жастың бәріне бірдей лауазымды қызмет беру міндет емес. Десе де, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқып, өзінің білімін молайтып, біліктілігін нығайтуына мүмкіндік беріледі. Бағдарламаға жасы 35-тен аспаған, білімі жоғары, бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар, қазақ тілін В1 деңгейінде (еркін білетін) меңгерген әрбір жас қатыса алады. Міне, осы президенттік жастар кадрлық резервіне Жамбыл облысынан да бірнеше жас қатысып бағын сынады, өресі мен білімі биік көрінген таланттар резервке енді де. Тіпті әкімшілік, саяси лауазымды қызметке тағайындалғандары да бар. Біз Жамбыл облысы жастары арасынан бағы жанып, таңдаулы 300 жастың сапына қосылған азаматтарды газет оқырмандарына кеңінен таныстыруды ұйғардық.

Әбілхайыр Тамабекті көпшілік қазір ауыл шаруашылығы вице-министрі деп біледі. Иә, жамбылдық жас кадр, президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі осы жылдың көктемінен бері қарай Үкіметтің қаулысымен ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Ол бұл қызметке бірден келе салған жоқ. 2011 жылы еңбек жолын компанияда инспектор болудан басталған. Халықаралық бизнес университетін бітірді. Луис ұлттық университеті мен Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдады. 2015 жылдан 2020 жылға дейін ұлттық экономика министрлігінде, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде тәуір қызметтердің тізгінін ұстады. Жастығына қарамай ұйымдастыру қабілетімен, іскерлігімен дараланған кадрды туған жері қызметке шақырды. 2020 жылы Жамбыл облысы әкімдігіне қарасты жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы – жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор қызметі Әбілхайыр Тамабекке сеніп тапсырылды.

«Президенттік жастар кадрлық резервіне өткеннен кейін бірнеше министрліктен, облыс әкімдіктерінен түрлі лауазымды қызметке шақырту түсті. Астана, Шымкент сынды мегаполистен, Қызылорда, Ақмола, Алматы облыстарының әкімдіктерінен де шақырту түсті. Сенсеңіз, алпысқа тарта түрлі қызметті ұсынды. Басқарма басшысы сынды қызметтен, аудан әкімінің орынбасары, министрліктегі департаментті басқаруға да шақырды. Бірақ Жамбыл облысы, өзімнің кіндік қаным тамған Әулиеата жеріне келіп қызмет істеуге ұсыныс айтылғанда бірден келістім. «Ер туған жеріне» деп басшылық қызметімді туған облысымнан бастадым», – дейді Әбілхайыр Тамабек.

Әбілхайыр ауыл шаруашылығы министрлігінде вице-министр қызметіне тағайындалғанда күмән келтіргендерді жас маман іскерлігімен мойындатты. Ауылда туып-өскен, нақты айтқанда, Жамбыл облысының Талас ауданындағы Ақкөл ауылындағы орта мектепте білім алған. Ата-анасы сол ауылда тұрады.

 Дайындаған
Нұрдан Көшімбай,
Жамбыл облысы

06 мамыр, 18:18
Дастан Өмірбаев: Алматыда өңдеу өнеркәсібі 21 пайызға артып, еліміздегі ең жоғары өсім қарқынын көрсетті
06 мамыр, 15:52
Түркістан: Әйелдер мен балалар қауіпсіздігі – күн тәртібінде
06 мамыр, 15:17
Түркістан полициясы оқушылардың қауіпсіздігіне мән береді
06 мамыр, 14:42
Түркістан: Екі ауылда полиция бекеттері ашылды
06 мамыр, 14:25
Түркістан: Арыста кадет сыныбына ерлікпен қаза тапқан полицейдің есімі берілді
02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз