jasqazaq.kz

«Оралман» фильмі Германияда арнайы жүлде алды

20 қараша 2017, 12:33

9-19 қараша аралығында Германияда өткен 66-шы халықаралық Мангейм-Хайдельберг (International Filmfestival Mannheim-Heidelberg) кинофестивалінде «Оралман» фильмі үздік жетістіктері үшін арнайы жүлдемен марапатталды, деп хабарлайды «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, кинофестиваль ұйымдастырушылары «Оралман» фильмін Германияда прокатқа шығаруды ұсынды.
Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірді. Режиссері – Сәбит Құрманбеков.

«Оралман» фильмі 66-шы халықаралық Мангейм-Хайдельберг кинофестивалінің негізгі бағдарламасына іріктелініп алынған болатын. Биыл фестивальдің бас жүлдесіне 22 елден 21 картина таласты.
«Мәдени және діни өзгешеліктеріне қарамастан, өз еліне қайта оралған отбасының драмалық оқиғасы эмоционалды әсерлі баяндалғаны үшін марапатталады», — делінген фестивальдің ресми сайтында.
Мангейм-Гейдельберг кинофестивалінің қорытындысы бойынша, байқаудың «Үздік толықметражды фильм» бас жүлдесі режиссер Вито Пальмиеримнің «Техаста көрісерміз» атты итальяндық картинасына бұйырды. Ал филиппиндік режиссер Багане Фиол түсірген «Ормандағы серуен» фестивальдің арнайы жүлдесімен марапатталды.
Сонымен қатар, «Күзетші» (Доминикан Республикасы, Пуэрто-Рико, Бразилия), «Қасиетті ауа» (Израиль) және «Мұртаза» (Түркия) фильмдері қазылар алқасының құрметті сыйлықтарымен марапатталды.
Халықаралық Мангейм-Хайдельберг кинофестивалі 1952 жылдан бері өткізіліп келеді.
Естеріңізге сала кетсек, «Оралман» көркем фильмі осы жылдың басында Иран астанасы Тегеранда өткен 35-ші халықаралық Фаджр кинофестивалі мен XIII халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алған болатын. Фильмде басты рөлді сомдаған актер Дулыға Ақмолда қыркүйек айында Татарстанда өткен XIII халықаралық мұсылмандар киносы фестивалінде «Үздік ер адам рөлі» жүлдесімен марапатталды.

Сондай-ақ, картина Италияда өткен ХХ халықаралық «Religion Today» кинофестивалінде «Үздік фильм» номинациясында жеңіске жетіп, тәуелсіз SIGNIS қазылар алқасының арнайы жүлдесін иеленді.
Айта кетелік, Башқұртстанда желтоқсанда өтетін IV халықаралық «Күміс Ақбозат» кинофестивалі «Оралман» фильмімен ашылады.

sputniknews.kz

Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті