
Оралда саяжайдан 81 жастағы қарияның мүрдесі табылды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 4 қыркүйек күні «Автодорожник-1» саяжай қоғамында орын алды. Саяжайдан 81 жастағы ер адамның зорлықпен өлтірілген денесі табылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөліміне (адам өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, күдіктіні анықтап, ұстау бағытында жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.
ҚазАқпарат