jasqazaq.kz

Оралда жылуға қарызы барларға несие берілмейді

22 сәуiр 2019, 14:55

Орал қаласында алдағы аптадан бастап жылуға берешегі бар тұрғындарға несие берілмейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде «Жайықжылуқуат» АҚ мен Мемлекеттіктік кредиттік бюро арасында тиісті келісімге қол қойылды. Оған сай коммуналдық кәсіпорын үш айдан астам уақыт бойы қарызын жаппаған азаматтар жайлы мәліметтерді кредиттік бюроға жөнелтеді. Ал бюро екінші деңгейлі банктерді ескертеді. Осылайша шаһарды жылумен қамтушы мекеме қарыздарын қайтарып алуды көздеп отыр. Бүгінде жеке тұлғалардың жылу мен ыстық суға берешегі 744 млн теңгеге жеткен. Вячеслав Солодилов, «Жайықжылуқуат» АҚ коммерциялық директоры: – Күніне екі топ, яғни 48 адам қарыздарды қайтару мақсатында үй аралап жүр. 2600 тұтынушыға қатысты сот парағы орындалуда. 560 тұлғаға шетелге шығуға шектеу қойылды. Бірақ мұның бәрі біз күткендей нәтиже бермей отыр. Біздің қазір газға қарызымыз – 900 миллион теңге. Егер халықтан қарызымызды қайтарып, газға есептеспесек, жылу электр орталығы көгілдір отыннан ажыратылып, өз кезегінде ыстық су тоқтайды. Осыны болдырмау үшін жоғарыда айтылған қадамға баруға мәжбүрміз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде