jasqazaq.kz

Оралда жол апатынан екі адам зардап шеккен

17 шiлде 2019, 12:39


Оралда Қазақ драма театрының директоры жол апатына ұшырады. Автокөліктердің соқтығысы 16 шілдеде 20:30-да Жәңгір Хан көшесінде болған.

Куәгерлердің айтуынша, «Porsche Cayenne» маркалы көлік «Renault» мен «Toyota» машиналарына соққан. «Porsche Cayenne» рөлінде Қазақ драма театрының директоры Қуаныш Амандықов болғаны анықталды. Бірақ ол «Мой Город» журналисіне рөлде отырмағанын айтқан екен. Ал қалған екі көліктің жүргізушілері қымбат көліктің рөлінде директордың өзі болғанын мәлімдеген. «Бұл кездейсоқ болған жағдай. Рөлде мен болдым, жаңбыр жауып тұрды, тоқтап үлгермедім, жол тайғақ еді, көру де қиын болды. Алаңдайтын ештеңе жоқ. Ешкім зардап шекпеді. Бір көлікті сәл ғана тиіп өттім», — деді Қуаныш Амандықов. Ол қазір еңбек демалысында жүргенін айтады. БҚО денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Гүлнар Әбдірахманованың айтуынша, жол апаты салдарынан екі адам зардап шеккен.

tengrinews.kz

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда