jasqazaq.kz

Оралда жол апатынан 34 жастағы мотоциклші көз жұмды (Видео)

16 маусым 2022, 10:45

Орал қаласында «Лада Калина» мен мотоцикл соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 16 маусымға қараған түні сағат 23.50-де Самара-Шымкент автожолында Теректі ауданы Подстепный ауылы бағытында болды.

«Полиция бекетіне жетпей болған жол апатынан мотоциклдің 1988 жылғы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Жеңіл көліктің 1977 жылғы жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен және сүйек сынықтарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

Көліктердің қандай жылдамдықпен жүргені, басқа да мән-жай тергеу барысында анықталады. БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілген 1977 жылғы ер адамның алдын ала диагноз бойынша омыртқасы сынған.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр