jasqazaq.kz

Оралда жаз мезгілінде оқушыларға 42 500 теңге төленеді

20 маусым 2021, 12:42

Оралда жаз мезгілінде мектеп оқушыларына 42 500 теңге төленеді, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Телеарна мәліетінше, ол үшін жасөспірімдер ерікті түрде мектеп жұмысына араласуы қажет. Қазірдің өзінде 700 бала қатарға қосылған. Олар аулаларды абаттандыруға, іс-қағаздар мен кітапханаларды реттеуге көмектеседі. Балалардың қауіпсіздігіне білім беру мекемелері жауапты. Еңбек шартына сәйкес, оқушылардың жұмыс уақыты жас ерекшеліктеріне қарай аптасына 36 сағаттан аспауы тиіс. Жоба арқылы жасөспірімдердің демалыс уақытын тиімді пайдаланып, еңбекқорлыққа баулу көзделген. Еңбек маусымы қыркүйекке дейін жалғасады.

«Жоғары сыныптар үшін таптырмас мүмкіндік деп ойлаймын. Мектептің жеңіл жұмыстарын атқарып жатырмыз. Гүлдердің арамшөптерін жұлып, жеміс ағаштарын баптап, сонымен қатар, кейбір оқушыларымыз мектептің ішіндегі кітапханада кітапханашы апайымызға көмектесіп жатыр», — мектеп оқушысы Нұрсұлтан Қуанышқалиев.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия