jasqazaq.kz

Оралда жаппай төбелестен бір адам көз жұмды

31 тамыз 2019, 15:50

Оралда жаппай төбелес болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Қазақпарат.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 24 тамыз күні түнде «Виктория» қонақүйі жанында болған. Ер адамдардың екі тобы жол бойында ішімдік ішіп тұрған. Олардың бірінде 19 жастағы – екі, 21 жастағы бір жігіт болған. Екінші ересектеу топта күдікті ретінде қамауға алынған 32 жастағы ер адам болған. «Сол маңнан бейтаныс қыз өтіп бара жатқан. Оған бірінші топ тиіскенде, қыз көмек сұраған. Оны екінші топтағы ер адамдар арашаламақ болған. Бірақ олардың күші аздық еткен соң, «KIA Rio» автокөлігіне отырып, бой тасалауға тырысқан. Сол кезде бірінші топтағы 19 жастағы жігіт машинаның капотына секіріп, соғылып, көліктің астына түскен. Содан көз жұмды. Қазіргі кезде 32 жастағы күдікті ұсталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес (абайсызда адам өліміне соқтырған жол ережесін бұзу) тергеу амалдары жүргізілуде», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде