jasqazaq.kz

Оралда жантүршігерлік жол апаты болды. Қаза тапқандар бар (видео)

05 наурыз 2018, 12:00

Оралда автокөлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты, соның салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар.

Жол-көлік оқиғасы 5 наурызда Орал — Дарьинск тасжолындағы Трекино ауылының маңында болды. Volkswagen Transporter маркалы жолаушылар автобусы Рубежка ауылынынан келе жатқан. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлайды

Жүргізуші Владимир Фисенконың айтуынша, ол 15 жолаушыны алып келе жатқан. Бір сәтте жолдың қарсы бетінен Volkswagen Passat маркалы автмобиль атып шыққан. Соқтығысу салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі сол мезетте қайтыс болған. Автобус жолдан шығып кеткен, оны әлі сол жерден шығарған жоқ.

Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі мен қайтыс болған адамның туыстары келді. Фельдшердің айтуынша, екі адам ауруханаға жеткізілді. Қалғаны өздігінен ауруханаға жетті. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі кінәлі. Айта кетейік, Оралда бүгін көктайғақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше жол жабылған. Осыған дейін облыста ескерту жарияланған еді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде