jasqazaq.kz

Оралда зейнеткерді өлтірді деген күдікті ұсталды

06 сәуiр 2022, 14:38

Орал полицейлері 72 жастағы зейнеткерді өлтірді деген күдікпен әйелдің ұсталғанын хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полицияның мәліметінше, бұл қылмыс қоғамда үлкен наразылық тудырған. Тергеушілер зейнеткер түскі уақытта, үйде жалғыз болған кезде өлтірілгені анықтады.

«Үйдегі тәртіп бұзылған. Кісі өлтіруші қолғап киіп, қылмыстың ізін жасырмақ болған. Куәгерлер болған жоқ», — деді БҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Сұлтан Шалдарбеков.

Полиция қылмыстық әрекеттің себептері мен мақсаты әлі анықталмағанын атап өтті. Жәбірленуші мен күдікті арасында жанжал болмаған.

«Осы оқиғадан кейін қылмыс болған жерге жақын 700-ден астам үй аулаларын аралап, 21 күнде 1 мың адам тексерістен өтті. Нәтижесінде, Орал қаласының 35 жастағы тұрғынының осы қылмысқа қатысы бар екендігі туралы нақты мәліметтер алынды. Ол бұрын сотталмаған және ішкі істер органдарында тіркелмеген. Ұсталғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді. Қан болған киім, пышақ және басқа да дәлелдер табылды», — деп атап өтті полиция.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматша уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соттың санкциясымен ол 2 айға қамауға алынды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде