jasqazaq.kz

Оралда тұрғын үйдегі өрттен бес адам зардап шекті

20 наурыз 2019, 16:01

Оралда тұрғын үйдегі өрттен бес адам құтқарылды. 

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өрт бүгін Еуразия даңғылы бойындағы бес қабатты 56-үйде 32-пәтерінде болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен алынған мәлімет бойынша өрттен бес адам зардап шекті. Орта дәрежелі газдан уланған 40 жасар әйел мен бір жасар сәби облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Жеңіл дәрежеде газдан уланған 89 және 91 жасар кейуана мен 71 жасар ер адам ауруханаға жатудан бас тартты. Бірінші қабаттағы өрт жөнінде сағат 11.56-да хабар түскен. Құтқарылғандардың біреуі — бала. Оған қоса 15 адам эвакуацияланса, соның екеуі — бала. Аумағы 10 шаршы метрді қамтыған өрт 12.22-де оқшауланып, 12.27-де сөндірілді. «Тілсіз жауды» ауыздықтау мен құтқару жұмыстарына 23 адам, 5 техника жұмылдырылды. Қазіргі кезде өрттің себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде