jasqazaq.kz

Оралда түн ішінде жалған нөмірмен жүрген жүргізуші ұсталды

08 қыркүйек 2021, 16:36

Оралда түн ішінде жалған нөмірмен жүрген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 8 қыркүйек күні сағат 00.30-да «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы барысында тіркелді. Х.Доспанова мен Ф.Неусыпов көшелерінің қиылысында KIA Sportage автокөлігі тоқтатылды. Құжаттарды тексеру кезінде автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің жалған екендігі анықталды. Соған сәйкес ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 590-бабы 3-бөлігі және 4-бөлігіне (көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн орнату және сол көлік құралын басқару) сәйкес хаттама толтырылды. Сонымен қатар жүргізушінің медициналық куәландырудан бас тартқаны үшін аталмыш кодекстің 613-бабы 4-бөлігіне (ішкі істер органы қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару) сәйкес тағы бір хаттама толтырылды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде