jasqazaq.kz

Оралда топ болып төбелескен жігіттерге араша түскен әжей көпшілікті тәнті етті (видео)

19 қыркүйек 2017, 10:44

Оралда көшенің қақ ортасында топ болып төбелескен жігіттердің видеосы желіде тарап кетті. Аталған видеода бірін-бірі аямай тепкілеп жатқан жастарды ажыратпақ болған қарт әжей де жүр.

Бұл туралы Мой город порталына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Тал түсте төбелескен жігіттерге басу айтуға ешкім бармаған. Тіпті, тепкілеп жатқан жастарды бақылап тұрған ер адамдар да көп. Алайда, ешқайсының олардың тоқтатуға батылы жетпеген. Тек егде жастағы кейуана ғана жастарды тоқтапақ болып, араша түсіп, ақыры, әлі жетпеген соң құлап қалды.

Жастардың ешқайсысы оны демеп, орнынан тұрғызып жіберген жоқ.

Бүгінде көше ортасында бұзақылық жасағандар қамауға алынды. Полиция жастарды арашаламақ болған қарт әжейді алғыс айту үшін іздестіріп жатыр.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде