jasqazaq.kz

Оралда төбелескен полиция қызметкерлері жұмыстан қуылды

15 маусым 2019, 17:08

Оралда төбелескен полиция қызметкерлері жұмыстан қуылды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұдан бұрын хабарлағандай, Оралда полиция қызметкері автокөлікте отырған әріптесіне пышақпен шабуыл жасаған болатын. Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбаны тексеру барысында төбелескендердің екеуі полиция қызметкерлері екені анықталды. Жанжал олардың бір-біріне өшігуі салдарынан туындаған. «Аталған оқиға бойынша өзіндік қауіпсіздіқ басқармасы қызметтік тексеру жүргізді. Оның нәтижесі департаменттің тәртіптік комиссиясында қаралды. Тәртіп сақшысының атына кір келтіргені үшін аталған қызметкерлердің екеуін де жұмысынан босату туралы шешім қабылданды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде