jasqazaq.kz

Оралда тапа-тал түсте кассирге шабуыл жасап, валюта ұрлаған

12 сәуiр 2021, 11:40

Оралда дүкен мен ақша айырбастау пуктін тонағандар қолға түсті. Тапа-тал түсте кассирге шабуыл жасағандар кассадағы барлық валютаны үптеп кетіпті. Ұсталған күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қарулы шабуыл ақпан айында болған. Оңай олжаны көздегендер бұл қылмысқа алдын ала жоспар құрып мұқият дайындалыпты. Алдымен ақша айырбастау орны қызметкерінің ізіне түсіп жұмысқа бара жатқан жерінен бас салыпты. Кілтін тартып алып, сөйтіп қызметтік есіктен кіреді. Осылайша кассада жатқан түрлі валютадағы бір жарым миллион теңгені үптеп әкетіпті. Мұнымен қоймай қарақшылар сол ғимаратта орналасқан дүкенді де тонайды. Сатушы әйелге жалған тапанша кезеп, кассадағы 75 мың теңгені қалтаға басқан. Ұсталған үшеуінің де бұрын сотталғаны белгілі болды. Енді олар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Нұрлан Бисенов, Орал қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары:

— Жедел іздестіру шарасында 3 азамат қолға түсті. Екеуі Ақтөбе қаласының тұрғыны, біреуі Орал қаласының тұрғыны. Бұрын ауыр қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған. ҚР 192-бабы, 2-бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық