jasqazaq.kz

Оралда спорт мектебінің директоры қамауға алынды

31 наурыз 2022, 13:54

Оралда мамандандырылған әкімшілік сот 42 жастағы Қанат Жанғалиевке қатысты үкім шығарды. Олимпиадалық резервтегі спорт мектеп-интернатының директоры көлікті мас күйде жүргізгені үшін ұсталған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

БҚО облыстық сотының баспасөз қызметі мәліметінше, 17 наурызда таңғы бестер шамасында спорт мектебінің директоры қызметтік көлікті мас күйде жүргізген. Сот-медициналық сараптамасы интоксикацияның орташа дәрежесін анықтаған. Қанат Жанғалиев өз кінәсін мойындады.

«Сот Қанат Жанғалиевті ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы» бойынша кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жасазын тағайындады», — деді сот өкілдері.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы Жанғалиев қазір еңбек демалысында екенін атап өтті. Ол олимпиадалық резервтегі спорт мектеп-интернатының директоры болып бір жылдан астам уақыт жұмыс істеген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде