jasqazaq.kz

Оралда сот қаулысымен жабылған мейрамханада той өткен (видео)

09 желтоқсан 2020, 12:44

Оралда соттың қаулысымен жабылған мейрамханада үйлену тойы өткен. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Оралда мониторинг тобының өкілдері шектеу шараларын бұзғаны үшін сот шешімімен жабылған мейрамханада болып жатқан жаппай іс-шараның жолын кесті.

Қалалық әкімдігінің ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Аслан Жармұханов бұқаралық шара туралы жергілікті тұрғындар хабарлағанын атап өтті.

«Кешкі сағат 20 шамасында біз «Айзат» банкет залына келдік. Ол Жұлдыз шағын ауданында орналасқан. Үйлену тойы туралы ақпарат расталды. Біз келгеннен кейін бір сағат өткен соң мекеме қызметкерлері артқы есікті ашты. Іс-шара қонақтары дүрлігіп, қаша бастады. 150-ден аса адам болды», — деді ол.

Мейрамхананың терезелері фольгамен жабылған, ал көліктер мекеменің артында тұрған.

«Мейрамхана иелері, музыканттар, ұйымдастырушылар сұралды. Барлық материал санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды», — деді мониторинг тобының жетекшісі Аслан Жармұханов.

Айта кетейік, «Айзат» мейрамханасы карантинді қасақана бұзғаны үшін қызметі үш айға тоқтатылған алты мекеменің қатарында еді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде