jasqazaq.kz

Оралда соғыс ардагерінің орден-медальдары қолды болды

19 мамыр 2020, 14:56

Оралда соғыс ардагерінің орден-медальдары қолды болды.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға 15 мамыр күні орын алды. Сағат 12.30 бен 14.30 аралығында 1960 жылғы К. деген зейнеткер әйелдің үйіне белгісіз біреулер есіктің құлпын бұзып кірген. Ұрылар жәбірленушінің алтын бұйымдарымен қоса Берлинге дейін жеткен марқұм әкесінің марапатын да жымқырып кеткен. Атап айтқанда, «Қызыл Жұлдыз» ордені, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Еңбекте үздік шыққаны үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдары, «Халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісі қолды болған. Зейнеткер әкесінің марапаттарын көзінің қарашығындай сақтап келген. Барлық келген шығын шамамен 800 мың теңгені құрады. «Қазіргі кезде ҚР ҚК 188-бабына сәйкес Абай полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.

ҚазАқпарат

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі