jasqazaq.kz

Оралда полиция капитаны адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен

24 қыркүйек 2022, 12:13

Оралда полицей адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан ізін суытқан, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Мой ГОРОД» басылымына сілтеме жасап.

Тергеу бөлімінің басшысы Ерлан Жақсыбаевтың айтуынша, 18 қыркүйекке қараған түні Оралда Момышұлы көшесінде жол апаты орын алып, салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қаза тапқан.

«Оқиғаға кінәлі адам қашып кетті, ҚР Қылмыстық қодекстің 345-бабы 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және Қылмысық кодекстің ҚР ҚК 347-бабы «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бойынша тергеу басталды. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргіздік, нәтижесінде қылмысты жасаған адам анықталды. Ол біздің қазіргі полиция қызметкері. Жаяу жүргіншіні қағып кеткен Hyundai көлігі айып тұрағына қамалды. Ол қызметкер болғанына қарамастан, біз қатаң шаралар қабылдадық және оны уақытша ұстау изоляторына қамадық. Марқұмның отбасына көңіл айтамыз», — деді Мирхат Әженов.

Оның айтуынша, бұл іс департамент басшылығының ғана емес, Ішкі істер министрлігі басшылығының да бақылауында. Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды.

«Ол айғақ беруден бас тартты. Бірақ қылмыс жасағанын мойындады. Оқиғаның басқа аспектілері анықталатын болады», — деді Әженов.

Ведомство көлікті полиция капитаны шеніндегі учаскелік полиция қызметкері басқарғанын айтты.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр