jasqazaq.kz

Оралда полиция бөлімінің бастығы ұсталды

12 сәуiр 2022, 22:18

Оралда пара алды деген күдікпен қалалық көші-қон полициясы бөлімінің бастығы Қанат Мұқанов ұсталды. Ұстау дерегін облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі растады. Бұл туралы  «Уральскую неделю» басылымына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Мұқанов дүйсенбі, сәуірдің 11-і күні 50 000 теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде ұсталған. Подполковник анықтаманы жеделдетіп бергені үшін ақша алды деген күдікке ілінді. Қазір ол Орал қаласындағы уақытша ұстау изоляторында отыр.

Полиция департаменті басылымға әріптесінің ұсталуына қатысты пікір айта алмайтындарын айтып, БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне хабарласуды сұрады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мұқановтың ұсталғанын растады, оқиғаның жай-жапсарын айтып мәлімет бермеді.

БҚО сотының баспасөз қызметі бұл іс материалдары тергеу сотына әлі түспегенін хабарлады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде