jasqazaq.kz

Оралда перзентхана қызметкері лифтінің астына жаншылып қайтыс болды

31 желтоқсан 2021, 16:20

Оралда перинаталдық орталықтың қызметкері лифтінің астына жаншылып қайтыс болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 31 желтоқсан күні таңертең болған. Белгілі болғандай облыстық перинаталдық орталықта 1971 жылғы қызметкер қайтыс болған. Ол жүк лифті мен шахтаның арасында жаншылып қалған. Мәйітті құтқарушылар шығарып алды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға туралы қоңырау 8.56-да түскенін хабарлады.

«Алдын ала ақпарат бойынша, әйел жүк лифтісінің шахтасына құлап кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды. Марқұм орталықта вахтер болып жұмыс істеген. Аталған факті бойынша тергеу басталды», — деп хабарлады полиция.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр