jasqazaq.kz

Оралда пәтерден 5 млн теңге жымқырған ұрылар ұсталды (Видео)

04 сәуiр 2022, 16:17

Орал қаласында пәтерден 5 млн теңге жымқырған ұрылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, ұрылар Х.Доспанова көшесіндегі пәтерге терезе арқылы кірген. Содан кейін 1982 жылғы азаматқа тиесілі қаржыны үптеп кеткен. Келтірілген залал көлемі – 5 млн теңге. Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде ұрылар қолға түсті. Олардың дені басқа өңірлерден келген болып шықты. 1990 жылғы Ж. деген күдікті Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны болса, 1986 жылғы Е. Түркістаннан келген. 1971 жылғы И. елорданікі болса, 1982 жылғы Д. – Орал қаласының тұрғыны. «Ұрланған қаражат тәркіленді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан. Еске сала кетейік, бұдан бұрын полицейге пара бермек болған Орал тұрғыны ұсталғанын жазған едік.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде