jasqazaq.kz

Оралда өрт орнынан жасөспірімнің денесі табылды

01 ақпан 2020, 22:54

Оралда өрт орнынан жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО ТЖ департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, оқиға бүгін сағат 11.31-де Ташкент көшесіндегі жеке тұрғын үйде болды. Верандада газдың шығып кетуі салдарынан өрт болған. Ішінара моншаның да төбесі жанған. Өрт аумағы 25 шаршы метрді қамтыды. Верандадан ТЖ қызметкерлері газ баллонын алып шықты. «Тілсіз жау» өрт сөндірушілердің күшімен (18 адам, 7 техника) сағат 12.57-де ауыздықталды. Алдын ала мәлімет бойынша өрт газ жабдығын пайдалануда қауіпсіздікті сақтамаудан шыққан. Өрт орнынан жасөспірімнің денесі табылды. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, марқұм 15 жаста болған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде