jasqazaq.kz

Оралда өгей әкесін өлтірген жасөспірім изоляторда өзіне қол жұмсады

18 мамыр 2020, 16:18

Оралда өгей әкесін өлтірген жасөспірім қыз тергеу изоляторында асылып қалды.

БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 8 мамыр күні орын алды. Шамамен сағат 15.30-да тергеу изоляторының қызметкерлері камерадан Ирина Лапинаның мүрдесін тапты.

Марқұм колготкиінің бір ұшын терезе торына, екінші жағын мойнына байлап, асылып қалған. Соңына жазба қалдырмаған.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы, Орал қаласы полиция басқармасының жедел тергеу тобы, прокуратура өкілі, сондай-ақ «Адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро» қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан филиалының басшысы шақырылды. Қарау кезінде қыздың денесіне зақым келмегені анықталды. Асылып өлген марқұмның мүрдесі туысқандарына тапсырылды.

«Қазіргі кезде Орал қаласы полиция басқармасы осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. ҚР Қылмыстық процесс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу деректері жариялауға жатпайды», делінген хабарламада.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі